Қарағанды облысында мұз астынан балық аулау турнирі өтеді

Қарағанды облысында мұз астынан балық аулау турнирі өтеді

Қарағанды ​​облысында әуесқой балықшылар бақ сынайды. 12-ші наурызда Чкалов су қоймасында Қазақстан Республикасы кәсіподақтары федерациясының кубогы үшін мұз астынан балық аулау бойынша жыл сайынғы турнир өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, турнирға 18 жастан асқан барлық адамдар қатыса алады. Командалар үш адамнан тұруы керек. Шарт бойынша балық аулауға бір ғана қысқы қармақпен рұқсат етіледі.

Жарыс үш сағатқа созылады. Осыдан кейін жеңімпаздар ауланған балықтардың саны мен ауланған балықтың жалпы салмағы бойынша анықталады. Марапаттар командалық және жеке есептер бойынша беріледі.

Қатысушы profcentrkrg@yandex.kz электронды мекен-жайына өтініш жіберу арқылы тіркеле алады.

Конкурсты дайындау және өткізумен Қарағанды ​​облысы кәсіподақтар орталығының ұйымдастыру комитеті айналысады. Телефоны: (8-7212) 41-29-89.