Үш қарағандылық еңбек елшілері деп танылды

Үш қарағандылық еңбек елшілері деп танылды

«30 Еңбек Елшісі» республикалық жобасының нәтижелері белгілі болды. Оның бастамашысы - Қазақстан кәсіподақтар федерациясы. Жеңімпаздардың қатарында үш қарағандылық бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысу үшін 196 өтініш түскен. Сараптау комиссиясы отыз жеңімпазды анықтады.

Қарағанды ​​облысынан 24 үміткер болған. Олрадың үшеуі «Еңбек елшілері» деп танылды:

- Әділбек Бердіходжаев- робототехника курсының жаттықтырушысы, М. Жұмабаев атындағы гимназияның жүйелік инженері;

- Сұлтан Медеубаев – SENIM денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

- Айжан Тәубебаева - Қарағанды ​​облысы Кәсіподақтар орталығының жастар ісі жөніндегі бас маманы.

«30 Еңбек Елшісі» жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Оның мақсаты - жастар арасында еңбек құндылығын насихаттау. Байқауға 18 мен 35 жас аралығындағы кәсіподақ мүшелері қатысты.