Қарағандыда қазақ тіліндегі қалалық газет шығарыла бастады

Қарағандыда қазақ тіліндегі қалалық газет шығарыла бастады

Қарағандыда Qaragandy habary атты қазақ тіліндегі апталық қалалық газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Басылым Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырылды.

- Бұл қазақ тіліндегі алғашқы қалалық газет. Біз қарағандылықтар туралы, қаладағы өмір және орын алған проблемалар туралы айтатын боламыз. Бірінші нөмір Әлихан Бөкейханов туралы мақаладан басталды. Газетіміздің ұраны: "Халыққа қызмет ету білімнен емес, мінезден", - деді газеттің бас редакторы Ләззат Қожахметова.

Газет құрылтайшысы - меценат және бизнесмен Бақтыбай Жүнісов.

Бірінші нөмір тегін таратылды. Бас редактордың айтуынша, басылымға жазылу ұйымдастырылады. Газет сайтын ашу да жоспарда бар.