
Бесінші наурыз күні Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында "Әлихан Бөкейханов: Тар жол тайғақ кешу" экспозициясы ашылады. Іс-шара "Алаш" партиясы көшбасшыларының бірінің туғанына 155 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Уақытша көрме залында келушілер назарына қоғам қайраткері, оқытушы, журналист және этнограф Әлихан Бөкейхановтың жан-жақты тұлғасын ашатын фотоматериалдар, көлемді экспонаттар, деректі дереккөздер ұсынылады.
Мұражада көрме материалдарымен сейсенбіден жексенбіге дейін танысуға болады.
Экскурсияға алдын ала жазылу: (8-72156) 58-222, +7-747-316-48-30.