Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 79 адам құтқарылды

Қарағанды облысының автожолдарында бір тәулік ішінде 79 адам құтқарылды

Кеше, 25 ақпанда, Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысы барлық бағыттар бойынша жабылды. ТЖД, 52859 әскери бөлімі, Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері жолдарда 79 адамды, оның ішінде жеті баланы құтқарды.Теміртауда, Алматы-Екатеринбург тас жолында 52859 ә/б әскери қызметшілері қар құрсауында қалып қойған автокөліктерден 17 адамды құтқарды. Адамдарды Теміртау мен Қарағандыға жеткізді.

Алматы - Екатеринбург автожолы учаскесінің 1060-шы шақырымында ТЖД күшімен техникалық ақаулы автокөліктен ер адам құтқарылып, Теміртауға жеткізілді.Тағы бір құтқару жұмыстары Шет ауданында жүргізілді. Қызылқой ауылы маңында Алматы-Екатеринбург автожолында қар құрсауында қалған жедел жәрдем көліктері мен жеңіл автокөліктерден 9 адам құтқарылды. Құтқарылғандар, оның ішінде екі науқас (жіті инфаркті бар ер адам және жүкті әйел) Қарағандыға жол талғамайтын көлікпен жеткізілді.Теміртауда техникалық ақауы бар жеңіл автокөлікпен жолда қалған екі адам да жеткізілді.Сонымен қатар, Бұқар Жырау ауданында, Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының 52-ші шақырымында, Ботақара кентінен 5 шақырым жерде ТЖД құтқарушылары қарда қалып қойған автокөліктерден 37 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Адамдар Қарағандыға жеткізілді. Осакаров ауданында, Қызылорда - Павлодар а/ж 1124-ші шақырымында ақаулы жүк көлігінен төрт адам құтқарылып, Молодежный кентіне жеткізілді.Бұқар Жырау ауданында Тоғызқұдық ауылынан 9 шақырым және Доскей ауылынан 10 шақырым жерде құтқарушылар тоғыз жүргізуші мен олардың жолаушыларына көмек көрсетті. Олардың ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті ауа райының нашарлауы кезінде алыс қашықтықтарға шығуды шектеу, сапар алдында автомобильдің техникалық жарамдылығын тексеру, метеожағдайлар мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажет екенін еске салады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша