Нұра ауданындағы "Балбөбек" балабақшасында инклюзивті топ ашылды

Нұра ауданындағы "Балбөбек" балабақшасында инклюзивті топ ашылды

Нұра кентіндегі "Балбөбек" балабақшасында ерекше балаларға арналған топ ашылды. Мектепке дейінгі мекемеде барлығы 110 бала тәрбиеленуде.

- "Балбөбек" балабақшасында алты топ жұмыс істейді, оның ішінде екі бөбекжай бар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар бес бала бақшаға барады. Олармен дефектолог, тәрбиеші және музыкалық жетекші жұмыс істейді. Тәрбиешілер мен педагог-дефектологтар "Сана" зияткерлік орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өтті, - деді Нұра ауданының білім беру бөлімінің басшысы Салтанат Мұқанова.

Мектепке дейінгі мекемеде ерекше балаларды дамыту үшін барлық қажеттіліктер бар. 2020-2021 оқу жылында арт-, саз-, бейнелеу өнері - және ертегі-терапияға баса назар аударылды. Сенсорлық бөлме де ашық. Монтессори тактильді панельдері, фиброоптикалық душ және туннель, интерактивті құрғақ бассейн, сенсорлық жол бар. Сондай-ақ балалар робототехника кабинетінде "қарапайымнан күрделіге" қағидаты бойынша айналысады.

- Біз барлық балаларды мектепке дайындауымыз керек, сондықтан инклюзивті топ ашуды шештік. Біз ерекше балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаймыз. Болашақта топты кеңейткіміз келеді, көбірек кабинеттер жасағымыз келеді. Балаларға бізде ұнайды. Бұл бізді қуантады, - дейді "Балбөбек" балабақша меңгерушісі Алма Ұябекова.