Қарағандылықтарды көктем гүлін салып, сыйлық ұтысына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды көктем гүлін салып, сыйлық ұтысына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен бейнелеу өнері мұражайы «Қызғалдақ – гүлдер патшасы» қалалық онлайн-байқауын өткізеді. Аталмыш шара Наурыз мерекесіне орайластырылды.

Байқауға Қарағанды қаласының 25-45 жас аралығындағы тұрғындары қатыса алады. Бейнелеу өнерінің жұмыстары кез-келген техникада қабылданады.

Байқаудың мақсаты – «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру және тарихи-мәдени мұраны насихаттау болып табылады.

«Қызғалдақ» белгісі бар жұмыстарды 7 наурызға дейін мұражайдың электрондық поштасына жіберу керек: izo.karaganda@mail.ru.

Барлық байқау жұмыстары мұражайдың Инстаграм парақшасында жарияланады. 9-12 наурыз аралығында онлайн-дауыс беру өтеді.

Қорытынды шығару және үш жеңімпазды марапаттау 15 наурызда өтеді. Арнайы жүлде де қарастырылған. Мұражай мамандарының таңдауы бойынша үздік жұмыс мұражай қорына сатып алынады.

Іріктеу қорытындысы бойынша үздік авторлар ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Байқауға қатыспас бұрын, оның Инстаграмдағы @Karaganda_muzei_izo мұражай парағындағы ережесімен танысу қажет.