Қарағанды облысының ТЖД Бұқар Жырау ауданы ауылдарының 2021 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

Қарағанды облысының ТЖД Бұқар Жырау ауданы ауылдарының 2021 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермек Алпысов ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірге Бұқар Жырау ауданы ауылдарының 2021 жылғы су тасқынына дайындығын тексерді. Сондай-ақ, Самарқанд су қоймасының гидроторабына барды.

Өткен жылы жүргізілген инженерлік жұмыстар тексерілді, қорғаныс біліктерінің жай-күйі, материалдық-техникалық құралдардың болуы тексерілді. Сондай-ақ, қар шығару, су өткізу құбырларын тазарту және т. б. жұмыстар бағаланды.

Мәселен, Бұқар Жырау ауданының Жастілек ауылында өткен жылы ұзындығы 400 метр, Петровкада 55 метр қорғаныс білігі салынды. Сарытөбе ауылында ұзындығы 75 метр білік нығайтылды. Ботақара кентінде ұзындығы 240 метр арықтарды орнату жұмыстары жүргізілді. Көкпектіде ұзындығы 150 метр су арнасы тереңдетілді. Новостройка ауылында ұзындығы 1 500 метр қорғаныс білігі салынды. Асыл ауылында ұзындығы 550 метр, Қаражал ауылында 150 метр білік салынды. Ғ. Мұстафин кентінде 1 100 метр суарнасы тазартылды. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 700 метр арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Бұқар Жырау ауданының су тасқынына дайындығын 4-5 наурыз аралығында өтетін "Көктем-2021" республикалық оқу-жаттығу барысында тексеру жоспарлануда.

Көктемге дайындық жұмыстары тұрақты бақылауда.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша