Қарағанды өлкетану мұражайы "Ұлы даланың асқақ рухы" атты онлайн-кездесуге шақырады

Қарағанды өлкетану мұражайы "Ұлы даланың асқақ рухы" атты онлайн-кездесуге шақырады

Алғыс айту күніне орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйімен бірлесіп "Ұлы даланың асқақ рухы" атты онлайн кездесу-диалог өткізеді. Іс-шара 26 ақпанда сағат 14.00-де өтеді.

Кездесуге облыс ҚХА спикерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері және т. б. қатысады.

"Өз тарихыңды есте сақта және мақтан ет!" - іс-шараның негізгі ұранының бірі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 наурызда Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылғы мерекеге тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болды.