Гоголь атындағы Қарағанды кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама өтеді

Гоголь атындағы Қарағанды кітапханасында Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған мерекелік бағдарлама өтеді

Н. В. Гоголь атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қарағандылықтарды "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" әдеби-сазды кешіне шақырады. Мерекелік бағдарлама ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы жазушы Серік Сағынтай, белгілі әнші Сейіл Аяған, ақын Руслан Нұрбай, жазушы Алмаз Мырзахмет, күйші Мадияр Сүлейменов, сондай-ақ жас ақындар Еркебұлан Елеусізұлы, Ерік Нарын және Бектас Жұман қатысады.

Бұл күні Мұқағали Мақатаевтың өмірі туралы әңгіме өрбіп қана қоймай, оның өлеңдері мен әндері де шырқалады. Әдеби кеш барысында "Жыр-Жауһар" шығармашылық орталығының мүшелігіне жастарды қабылдау өтеді.

Кеш 25-ші ақпан, сағат 15.00-де кітапханада өтеді.