Қарағандылықтарды қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстарға шақырады

Қарағандылықтарды қазақ тілін оқыту бойынша тегін курстарға шақырады

Кеншілер шаһарының тұрғындарына қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік кеңейді. Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тіл үйренуді жалғастыратын және жаңадан бастаушыларға арналған онлайн-курстарға қабылдау туралы хабарлайды.

Өткен жылы осындай курстарды 150 адам аяқтады. Биыл 250 қарағандылық қазақ тілін меңгеруді жоспарлап отыр.

- Курстар 18 жастан асқан ересектерге арналған. Бір топта 20 адам болады. Курстарды аяқтағаннан кейін емтихан нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі, - деді "Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ Тілдерді қолдану және дамыту жөніндегі бас маманы Ұлжан Бөрібаева.

Сабақтың басталуы - 1-ші сәуір.

Курстардың ұзақтығы - 72 сағат.

Ниет білдіргендер келесі телефон нөмірлері арқылы жазыла алады: (8-7212) 50-65-59, 56-70-84.