Қарағандылық дзюдошылар ҚР чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қарағандылық дзюдошылар ҚР чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде дзюдодан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 13 облысынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттен 2004-2005 ж.т. 600-ден астам балуан қатысты.

Екі алтын медальді Қарағанды облысының құрама мүшелері – А. Модагулова атындағы ООРММИК тәрбиеленушілері Ұлан Алтаев пен Диана Тельбаева жеңіп алды.

Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша