Чикаго зерттеу университеті алғаш рет Қарағанды облысының оқушысын оқуға шақырды

Чикаго зерттеу университеті алғаш рет Қарағанды облысының оқушысын оқуға шақырды

Қарағанды облысы Абай ауданының тұрғыны Богдан Ясаков Чикаго зерттеу университетіне оқуға түсті. Университет американдық үздік бес университеттің қатарына кіреді және әлемде 9-шы орында. Богдан осы оқу орнында білім алуға шақырылған алғашқы қазақстандық.

Жас жігіт IQanat High School of Burabay-дің 10-сыныбында оқиды. Оның сынақ нәтижелері - IELTS 7.5, Duolingo 125, TOEFL 99.

- Менің сүйікті пәндерім - ағылшын тілі және биология. Мен сондай-ақ психологиямен, тілдерді үйренумен, классикалық әдебиетпен, смарт-гаджеттермен және тамақ дайындаумен айналысамын, - дейді Богдан.

Жас жігіттің жетістіктер қоржынында "Русский медвежонок" және British Buldog халықаралық тілдік байқауларында; "Санкт-Петербургтің тарихы мен мәдениеті" халықаралық олимпиадасында; Биология бойынша республикалық олимпиаданың облыстық турында; Е. Бөкетов атындағы ҚарУ-нің психология бойынша ғылыми жобалар байқауында жүлделі орындар иеленген. Сондай-ақ, тәуелсіз және республикалық байқауларда баяндама жасаған.