Ботақара кентінде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Ботақара кентінде көпбалалы отбасылар баспаналы болды

Бұқар Жырау ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыруда. "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Ана даңқы" ордендерінің иегерлері үш қабатты жаңа үйдің пәтер кілттеріне ие болды.

24 отбасы қоныс тойын тойлады.

- Әрине, біз бақыттымыз. Әрбір қазақстандықтың өз баспанасы болуын тілеймін. Халқымыз бейбітшілік пен келісімде өмір сүрсін, - деді "Күміс алқа" иегері Байған Төсекбай.

Ол 90-жылдары Моңғолиядан тарихи отанына оралған. Қазір Ботақарда аула сыпырушы болып жұмыс істейді.

Ерлі-зайыпты Мұқашевтар бес бала тәрбиелеп отыр. Отағасы Қарағандыдағы зауытта еңбек етеді. Отбасылық бюджеттің бір бөлігі жалдамалы пәтердің ақысын төлеуге жұмсалды. Енді олар пәтерлерін ұйымдастыру және жиһаз сатып алу жоспарларын құруда.

Бұқар Жырау ауданында Қолжетімді тұрғын үй құрылысы ұлғайды. Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше, 2020 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша әлеуметтік қорғалатын санаттағы 150-ден астам отбасы пәтер алды. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар мен жетімдер бар. Биыл кезекте тұрған 200-ден астам адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.