Жеңіс Қасымбек тұрғын үй кезегіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

Жеңіс Қасымбек тұрғын үй кезегіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды

Қарағанды облысында тұрғын үй кезегін мезгіл-мезгіл тексеріп отыратын болады. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек түгендеу жүргізуді тапсырды.

Мемлекет басшысының тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмасын орындау онлайн режимінде аппараттық кеңесте талқыланды.

- 2020 жылы облыс бойынша кезекте тұрған 1 528 адам пәтер алды. Оның ішінде коммуналдық тұрғын үй қорынан - 897, ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша - 102, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ желісі бойынша несиелік тұрғын үй - 124, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша - 365 және демеушілер есебінен - 40. Өткен жылдан бастап "Шаңырақ" (5-10-20) пилоттық жобасы бойынша тұрғын үй қарыздарын беру басталды - бұл "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты", - деді Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Оның айтуынша, облыста тұрғын үй мәселесін шешу жеделдетілді.

Биыл 662 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр - бұл 2020 жылға қарағанда 1/4 есе көп. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысына, қайталама нарықтан пәтер сатып алуға қаражат бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрған 2 900 адамға тұрғын үй беру жоспарлануда.

- Құрылыс және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері - өңірлер әкімдері жұмысының басым бағыты. "Нұрлы жер", "Бақытты отбасы" бағдарламаларының уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Тұрғын үйге кезекте тұрғандардың тізімдеріне мезгіл-мезгіл түгендеу жүргізу қажет. Жаңа құрылыс аталмыш индустрияны дамытуды талап етеді. Ол үшін жергілікті өндірушілерге қолдау көрсету қажет, - деп атап өтті облыс әкімі Жеңіс Қасымбек.