Қазақстанда автокөлікті онлайн сатып алу және сату Kazpi.kz қосымшасы арқылы мүмкін болды

Қазақстанда автокөлікті онлайн сатып алу және сату Kazpi.kz қосымшасы арқылы мүмкін болды

Мобильді банкинг арқылы көлік құралдарын қайта тіркеу сервисі Kaspi.kz қосымшасында онлайн қолжетімді болды. Енді мамандандырылған ХҚКО немесе басқа да мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті жоқ. Жақын арада өз көлігіңізді екінші деңгейдегі банктердің басқа мобильді қосымшаларында тіркеу мүмкіндігі пайда болады.

Автокөлікті сату немесе сатып алу үшін қосымшаны ашып, "төлемдер" санатын таңдау керек. Одан әрі "мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар" төлем түрін және "автокөлікті қайта ресімдеу" тармағын таңдаңыз.

Сатушы тарапынан сату сомасын көрсету және машинаны есептен шығару қажет. Содан кейін қызмет көлік құралына ауыртпалықтарды, айыппұлдарды және салық берешектерін автоматты түрде тексереді. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бірден қосымшада төлей алады.

Сатып алушының өзі машинаны есепке алады және сатып алу үшін қажетті соманы арнайы шотқа салады. Тіркеу барысында ол баж төлейді және нөмір белгісін таңдайды.

Мәміле жасалғаннан кейін сатып алушы техпаспортты және өзінің жаңа автокөлігінің тіркеу нөмірлік белгілерін жеткізуге тапсырыс бере алады.

Қызмет жұмыс күні аралығында 09.00-ден 18.00-ге дейін қол жетімді.