Биыл карантиндік шектеулерге байланысты Қарағанды және қала аудандары әкімдерінің есептік кездесулері онлайн-режимде өтеді. Қала басшысы Ермағанбет Бөлекпаев 10 ақпанда Saryarqa телеарнасында тікелей эфирде сөз сөйлейді. Сондай-ақ, эфирді қала әкімдігінің сайтында, Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көруге болады. Тікелей эфирдің басталуы сағат 10.00.
Қазыбек би атындағы аудан әкімі Нұрлан Рыстиннің есеп беру кездесуі 3 ақпан күні сағат 15.00-де @kazybekbi_blagoustroistvo Instagram парақшасында өтеді.
Октябрь ауданының әкімі Мейрам Кожухов 5 ақпанда сағат 15.00-де @oktyabr_akimat-да Instagram парақгасында халық алдында сөз сөйлейді.
Қарағанды қаласы әкімінің халық алдындағы есептік кездесуіне тұрғындардың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін арнайы жәшіктер орнатылды:
- Жаңа қала: Кеншілер МҮ, Бұхар-жырау д-лы, 32; "Алтын арба" СҮ, Зональная к-сі, 10 (1 қабат холл) және "Шығыс" СҮ, Космонавтов к-сі, 1Б (1 қабат холл);
- Михайловка: ХҚКО № 2, Чкалов к-сі, 7;
- Оңтүстік-Шығыс: "Арай" базары, құрылысшылар д-лы, 10 (1 қабат холл);
- Пришахтинск: ХҚКО № 5, 21-ші ш / а, 6 үй;
- Майқұдық: №4 ХҚКО, Архитектурная к-сі, 8;
- Сұрыптау: ХҚКО № 6, Серов к-сі, 73.
Сондай-ақ, өтініштерді әкімнің блогында мына сілтеме бойынша қалдыруға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/virtual-reception/1?lang=ru және жедел желі нөмірі бойынша 42-57-09.