Қарағанды "Мұрагер" мектеп-интернатының жетінші сынып оқушысы Қазақстанның 100 үздік оқушысы атанды

Қарағанды "Мұрагер" мектеп-интернатының жетінші сынып оқушысы Қазақстанның 100 үздік оқушысы атанды

"Мұрагер" Қарағанды орта мектебінің 7-сынып оқушысы Дәулет Жантасов "Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды оқушысы" республикалық байқауына қатысып, 1-ші орынға ие болды. Сонымен қатар I дәрежелі диплом алды.

Оның жұмысы "ҚР үздік 100 дарынды оқушысы" кітап-жинағында жарияланды.

Дәулетке сонымен бірге төсбелгі табысталды. Ал дарынды оқушының ата-анасы мен жетекшісі қазақстандық қоғамның мақсатты және талантты мүшесін тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін алғыс хат алды.