Қарағанды облысында тәулік бойы жұмыс істейтін Saryarqanews.kz ақпараттық портал таныстырылды

Қарағанды облысында тәулік бойы жұмыс істейтін Saryarqanews.kz ақпараттық портал таныстырылды

Жаңа жылдан бастап Қарағанды облысында Saryarqanews.kz ақпараттық агенттік өз жұмысын бастады. Бұл тәулік бойы екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейтін өңірдегі алғашқы ақпараттық портал.

- Біздің SARYARQA AQPARAT медиахолдингімізге 90 жылдық тарихы бар екі газет - "Оrtalyq Qazaqstan" және "Индустриальная Караганда" кіреді. Бірақ бүгінде интернет-ресурстар БАҚ арасында бірінші орында тұр, сондықтан SARYARQA AQPARAT интернеттегі жұмысын жандандырады. Бізде Life09 интернет-жобасы бар және қазір Saryarqanews екі тілді агенттігін аштық. Болашақта ақпаратты ағылшын тілінде де таратуды жоспарлап отырмыз. Сайт жұмысына біз Life09 штатын және екі газетімізді жұмылдырдық, - деді SARYARQA AQPARAT медиахолдингінің директоры Қамбар Ахметов.

Жаңа сайттың редакторлары атап өткендей, олардың негізгі міндеті - оқырманға қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, спорттық, тарихи және білім беру салаларындағы жылдам әрі сапалы жаңалықтарын ұсыну. Порталдың географиясы біздің өңірде ғана емес, еліміз бен әлемде болып жатқан қызықты оқиғаларды қамтиды.

Сондай-ақ сайтта Қарағанды облысының тоғыз ауданы мен тоғыз қаласының маңызды оқиғалары туралы арнайы ұсыныстар қарастырылған. Бұл аймақтың барлық маңызды жаңалықтарын бір платформада жинақтаудың бір түрі.

Агенттік аудиовизуалды ақпаратқа ерекше назар аударады. Ресурсты пайдаланушылар үшін тікелей байланыс форматында Life09 интернет-редакция тобы өз жобаларын көрсетеді.

Сайт "Жаңалықтар", "Қоғам", "Саясат", "Әлем", "Мәдениет", "Экономика", "Спорт", "Аймақтар", "Фотогалерея" және тағы басқа дәстүрлі бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ, COVID-19 арнайы блогы жұмыс істейді, онда әлемдегі, республикадағы және облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы өзекті және сапалы ақпарат бар.

Сайтқа сілтеме - https://saryarqanews.kz/kz.