Қазақстанда қысқы ҰБТ - 2021 басталды

Қазақстанда қысқы ҰБТ - 2021 басталды

Бүгін республиканың барлық өңірлерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды, ол 5 ақпанға дейін жалғасады. Республика бойынша ҰБТ өткізу бойынша 143 пункт, 1 230 аудитория жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР БҒМ Баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында тестілеу 20-30 қаңтар аралығында қатаң санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып, 13 пункт базасында өтеді.

"ҰБТ-ға қатысу үшін биылғы жылы облыс мектептері түлектерінің 6 335 өтініші және бірінші академиялық оқу кезеңі аяқталғанға дейін ЖОО-ға қабылданған студенттердің 580 өтініші келіп түсті. Қаңтар айындағы ҰБТ карантинге байланысты және коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның келісімі бойынша 11 лекпен өтеді, - деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.

Ата-аналар мен мұғалімдерге санитарлық нормаларға сәйкес ҰБТ өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады.