Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының тұрғындарына жаңа Экологиялық кодексті таныстырды

Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысының тұрғындарына жаңа Экологиялық кодексті таныстырды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қарағанды облысына іс-сапармен барды. Теміртау қаласында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, саладағы сарапшылар және жергілікті қоғам белсенділерінің қатысуымен жаңа Экологиялық кодексті түсіндіру жөніндегі кеңес өтті.

- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз жаңа экологиялық кодекстің нормаларын қалай іске асырылып, өңірдің экологиялық жағдайын қалай жақсартатынын түсіндіру үшін Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуді ұйғардық. Соңғы екі жыл ішінде Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Ол экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің тәжірибесін ескере отырып әзірленді. 2021 жылғы 2 қаңтарда жаңа Экологиялық кодекске Мемлекет басшысы қол қойды. Кодекстің маңыздылығы оның адам өмірі мен денсаулығы, қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету, ірі және шағын бизнестің қызметін, олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысын реттеу сияқты қоғамның барлық мүдделерін әсер ететіндігінде, - деді Мағзұм Мырзағалиев жиын басында.

Министрдің айтуынша, Экологиялық кодекс Қазақстандағы және Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсартудың негізгі құралына айналмақ.