Жайық Бектұров атындағы кітапхана Қарағанды көмір бассейнінің бейнетұсаукесерін дайындады

Жайық Бектұров атындағы кітапхана Қарағанды көмір бассейнінің бейнетұсаукесерін дайындады

Жайық Бектұров атындағы ОЖБ "Қарағандыгипрошахт и К" 80 жылдығына орай Қарағанды көмір бассейнінің дамуы, "Қарағандыгипрошахт" институтының құрылуы мен қызметі туралы бейнетұсаукесеп жасады.

"Шахталарды жобалау және оларды қайта құру үшін 1936 жылы "Қарағандыкөмір" тресі жанынан жобалау бюросы құрылып, 1941 жылы бөлім "Қарағандышахтопроект" жобалау кеңсесі болып қайта құрылды. Еңбек ұжымының арқасында соғыс жылдары Қарағандыда 33 шахтаның ірге иасы қаланып, салына бастады, 23 шахта және 3 разрез пайдалануға берілді. Соғыстан кейінгі жылдары жобалау кеңсесі бассейннің бас жобалаушысы болды.  1951 жылы ол "Қарағандыгипрошахт" мемлекеттік жобалау институты болып қайта құрылды.  2006 жылдан бастап институт "Карагандагипрошахт и К" ЖШС деп атала бастады. 80 жыл ішінде институт жобалары бойынша 90-ға жуық шахта, 20 разрез, 20 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын, Қарағанды, Екібастұз, Шахтинск, Саран, Абай кеншілер қалалары, жұмысшы поселкелері, Орталық Қазақстандағы жиырмаға жуық тың совхоздар салынды", - деп хабарлады кітапханада.

Сондай-ақ, "Қарағандышахтопроект" жобасы бойынша Қарағандыда бүгінгі күні де қаламызды көркейтетін бірқатар монументалды ғимараттар салынды.

Бейнетұсаукесерде кітапхана қорындағы материалдар: кітаптар, мерзімді басылымдардағы мақалалар, фотосуреттер, сондай-ақ интернет-ресурстардағы мәліметтер пайдаланылады. "Карагандагипрошахт и К" ЖШС және Қарағанды көмір бассейні туралы ұсынылатын әдебиеттер тізімі ұсынылған.     

Тұсаукесермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.instagram.com/tv/CKGgpjmlz_u/?igshid=14uvrclz82k1o.