Көңіл айту

Көңіл айту

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ұжымы мен басшылығы оқиға салдарынан Ленин атындағы шахтада қаза тапқан бұрғылау қондырғысының машинисі Николай Шадировтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
Компания қаза тапқан адамның отбасына Қазақстан Республикасының заңнамасына және ұжымдық шартқа толық сәйкес барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Николай Шадиров, бұрғылау қондырғысының 5-ші разрядты жерасты машинисі, компанияның көмір департаментінің "Спецшахтомонтаждегазация" басқармасында 16 жыл, оның ішінде 15-ін бұрғылау қондырғысының машинисі болып жұмыс істеді.
Бұған дейін хабарланғандай, 13 қаңтарда кешке Ленин шахтасында бұрғылау жұмыстары кезінде газ бен көмір атынлысы болған еді. Оқиға кезінде шахтада 3-ші ауысымның 137 қызметкері болған. Бұрғылау қондырғысының машинисінен басқа барлық кеншілерді шахтаның бетіне шығару мүмкін болды.
Болған оқиғаны тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
arcelormittal.kz