Қарағанды облысында пандемия жағдайында Крещение қалай өтеді

Қарағанды облысында пандемия жағдайында Крещение қалай өтеді

Шоқыну кезінде суға түсу шіркеу дәстүріне жатпайды. Бұл туралы SARYARQA Youtube-арнасында өткен брифингте Қарағанды округінің шіркеу өкілі Александр Угольков мәлім етті. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне орай шомылу орындарын дұға оқып тазарту іс шаралары жүргізілмейді. Тиісінше, суға жаппай шомылу да болмайды.

Бұл жағдайда суды тазарту барлық ғибадатханалардың аумағында өтеді. Түскі дұғадан кейін 18 қаңтар күні түстен кейін де су алуға келуге рұқсат етілген.

Суды он тоғызыншы қаңтарда 08.00-ден бастап кешке дейін алуға болады. Тарату көшеде өтеді.

Шіркеулерге кіруге тыйым жоқ. Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің негізгі талаптарына сай маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау діни қызметкерлер үшін де, халық үшін де негізгі талап болып табылады.

- Суға сүңгу - халық дәстүрі. Оған арнайы дайындалмаған адамдар үшін бұл қауіпті болуы мүмкін. Бұл ретте бір-бірімізге деген сүйіспеншілік пен қамқорлық маңыздырақ.

Бұрын бұл күні мұқтаж адамдарға бару, оларға көмек көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау дәстүрі болған. Мереке бекер өтпеуі үшін бұл күні игі істер жасаңыздар, - деді протоирей Александр Угольков.

Қарағанды облысының тұрғындарынан шіркеу өкілдері жаппай шоқыну шомылуына тыйым салынуына байланысты амалсыз шараға түсіністікпен қарауды сұрайды.