Ленин атындағы шахтада газ бен көмір атындысы кезінде екі адам зардап шекті. Қазір олар Қарағанды ОМО токсикологиялық бөлімшесінде жатыр.
1969 жылы туған ер адам медициналық мекемеге 14 қаңтарда сағат 03.33-те шахталық газдармен, оның ішінде улы газбен жедел ингаляциялық улануымен түсті. Оған токсикологиялық энцефалопатия диагнозы қойылды. Науқастың жағдайы тұрақты, орташа ауырлыққа жақын.
Шахталық газдармен, оның ішінде улы, токсикологиялық энцефалопатиямен жедел ингаляциялық уланумен 14 қаңтарда сағат 03.35-те 1997 жылы туылған науқас ауруханаға жатқызылды. Жас жігіттің халі тұрақты, ортага ауырлыққа жақын.