Қарағанды облысында әкімдердің халықпен есептік кездесулері қалай өтеді

Қарағанды облысында әкімдердің халықпен есептік кездесулері қалай өтеді

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін аудандар мен қалалар әкімдерінің халықпен қорытынды есеп беру кездесулері негізінен әкімдіктердің ресми әлеуметтік желілердегі парақшаларында онлайн-режимде өтеді, ал кейбір жағдайларда жергілікті телеарналарда трансляциялар жүргізілетін болады.

Офлайн есеп беру кездесулері қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы бар өңірлерде өтеді. Сондай-ақ интернеті жоқ ауылдық елді мекендерде. Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Қатысушылар саны 30 адамнан аспауы тиіс. Егер көп болса, онда есеп топтар бойынша кезекпен өтеді.

Аудандар мен қалалар әкімдерінің есептік кездесулері 1 ақпаннан басталады, ал 13 қаңтардан бастап ауылдар мен кенттер басшыларының есептері өтуде.

Қалалар мен аудандарда ұсыныстар мен ескертулерді жинау үшін Call-орталықтың телефоны жұмыс істейтін болады.