Балқашта "Крышечки-добрышечки" акциясы жалғасуда

Балқашта "Крышечки-добрышечки" акциясы жалғасуда

"Крышечки-добрышечки" акциясын балқаштық экобелсенді Фаина Батырбаева бастады. Ол тазалыққа немқұрайлы қарамайтын балқаштықтармен бірге қала көшелерінен пластикалық қақпақтарды жинайды. Содан кейін оларды жуады, түстері бойынша сұрыптайды және Қарағандыға қайта өңдеуге жібереді.

Жоба 2019 жылдың тамыз айында басталды. Осы уақыт ішінде балқаштықтар 60 мыңнан астам қақпақтар жинады. Бұл шамамен 70 кг пластик. Акция туралы "Өркен-Media" телеарнасы хабарлады.

- Жобаның мақсаты - көп бөтелке сатып алу емес, қала бойынша бөтелкелерді жинау. Жуу, тазарту және оларға екінші өмір беру. Тек №2 белгісі бар пластиктен тұратын қақпақтарды жинаймыз. Шырындар, минералды су, айран, балалар тағамы, бірақ одан үлкен болмауы тиіс. Сондай-ақ бес литрлік бөтелкелердің қақапартарын жинаймыз, - деді Фаина Батырбаева.

Пластик қақпақтарды жинауға арналған контейнерлер 15 мектепте, екі спорт кешенінде, бірнеше дүкендерде және оптикада орнатылған.

- Біз қайта өңдеуге тапсыратын қақпақтардан түскен барлық ақшаеы ауру балаларды емдеуге және Қарағандыдағы жануарлар панасына көмекке бағыттаймыз, - деп хабарлады экобелсенді.

Қақпақтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылған мекенжайлар:

- Мұхамеджанов шағын ауданы, 10, "Батыр GYM" спорт кешені;

- Сәтпаев мөлтек ауданы, 2, "Спарта" спорт клубы;

- Ағыбай батыр к-сі, 52, Вабиланд дүкені;

- Бөкейханов к-сі, 16, "Тораңғы" дүкені;

- Ленин көшесі, 53, "Литис" оптикасы.