Global UGRAD - 2021-2022 бағдарламасына қатысуға студенттердің өтінімдерін қабылдау ашылды

Global UGRAD - 2021-2022 бағдарламасына қатысуға студенттердің өтінімдерін қабылдау ашылды

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Global UGRAD - 2021-2022 бағдарламасына өтінімдер қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлайды.

Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ Университетінде немесе колледжінде дипломсыз бір академиялық семестрде оқуға, мәдени және білім беру тәжірибесін алуға, білімі мен дағдыларын кеңейтуге, американдық мәдениет пен құндылықтарды жақсырақ білуге мүмкіндік береді.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 2021 жылғы 28 ақпан. Конкурстық іріктеуден сәтті өткен үміткерлер 2021 жылдың мамыр айында хабардар етіледі.

Екінші турдың қатысушылары TOEFL ресми емтиханын тапсырады. Тестілеуге байланысты барлық шығындарды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі өтейді.

Бағдарламаның финалистері аккредиттелген төрт жылдық жоғары оқу орындарында оқитын және студенттік жатақханаларда тұратын болады. Қажет болса, олар ағылшын тілінің қарқынды курсынан өте алады.

Бағдарламаны қабылдаушы тарап толық қаржыландырады.

Global UGRAD бағдарламасына өтінім беру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: https://webportalapp.com/sp/closed/n9bqhdalu1.

Толығырақ "Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен консулдығы" сайтында - https://kz.usembassy.gov/ru/global-ugrad-2021-2022-ru/.