Қарағанды кітапханасы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған бейнеролик дайындады

Қарағанды кітапханасы Бауыржан Момышұлының туған күніне арналған бейнеролик дайындады

Жайық Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының "Аңызға айналған өмір" бейнепрезентациясы қазақ халқының көрнекті өкілдерінің бірі туралы баяндайды. Биыл Ұлы Отан соғысының батыры, жазушы және публицист Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толады. Оның кітаптары қазақ әдебиетінде лайықты орын алады және әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Аға лейтенант ретінде Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап Панфилов басқарған дивизия құрамында қызмет етті. Мәскеуді қорғау кезінде ол 27 ұрысқа қатысты. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ 1990 жылы 11 желтоқсанда қайтыс болғаннан кейін ғана марапатталған.

Бауыржан Момышұлының еңбектері әскери қызметте жүргенде басыла бастаған деп есептеледі. Оның алғашқы очеркі 1928 жылы Жуалы аудандық "Социалистік мал шаруашылығы" газетінде жарық көрген. Замандастарының есктеліктері бойынша Момышұлы әр кезде дәптерлеріне, қағаз парақшаларында, тіпті бос папирос қораптарында жазбаларын жазып жүрген. Ол траншеяда, блиндажда және тіпті ауруханада төсек тартып жатқанда да қолынан қаламын тастамаған. Жазу оның ең үлкен өмірлік қажеттілігі болды.

Бауыржан Момышұлы "Артымызда Мәскеу", "Біздің семья", "Майдандағы кездесулер", "Бір түннің тарихы", "Офицердің күнделігі" және т.б. кітаптардың авторы. Оның барлық шығармалары әскери шайқастарға қатысу кезіндегі тәжірибелерден туындаған және халық өміріндегі қиын кезең туралы баяндайды. Туындыларында ол онымен бірге соғысқан жолдастары мен нақты оқиғаларды сипаттайды. Өзінің жетістіктері мен берік өмірлік ұстанымдарының арқасында Бауыржан Момышұлы Александр Бектің "Волоколамское шоссе" әскери романының кейіпкері болды.

Қазақстанда батырдың есімінмен көшелер, мектептер, спорт кешендері аталған. Оның құрметіне көптеген ескерткіштер мен бюсттер орнатылды.

Бейнепрезентациямен Facebook-тегі Жайық Бектұров атындағы Қарағанды ОЖК парақшасында танысуға болады.