Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры 17 және 18 желтоқсанда көрермендер назарына М.Самойловтың «Как пришить старушку» комедиясын ұсынды. Бұл «Құрмет» орденінің кавалері, жетекші вокалист-әртіс және театр ардагері Галина Кожушкинаның мерейтойына арналған бенефистік музыкалық спектакль.
- Құрметті Галина Кожушкинаның жеке және шығармашылық тағдыры Қарағанды өңірінде өтті. Спектакль оған барлық жинақталған кәсіби және шығармашылық тәжірибесі мен әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Қойылымға арнайы Ресейден театр мамандары шақырылды: режиссер Сусанна Цирюк, балетмейстер Владислав Морозов, сценограф Алексей Тарасов, костюмдер бойынша суретші Анна Сорокина. Оркестрге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов дирижерлік етеді, - деді музыка комедия театрының жетекшісі Амантай Ибраев.
Спектакльдегі басты рөлдерді бес актер сомдайды. Галина Кожушкина әдемі кейуана Памеланы ойнайды. Ол құдайға ашық хаттар жазады және бәріне қарамастан, адамдарға сенеді. Авантюристер тобы оның мейірімділігін пайдаланып, Памеланың өмірін үлкен сомадағы қаражатқа сақтандыруды шешеді. Ал оны қалай тез алуға болады? Әрине, кемпірді өлтіру керек. Спектакльге мюзикл элементтері қосылады. Қойылымға балет пен хор қатысады.
- Бұл жалғыздық пен адалдық туралы пьеса. Көрермендер жылап, күліп, маңызды нәрселер туралы ойлана алады. Бұл өмірде ол үшін не маңызды екенін әркім өзі шешеді, - деді спектакльдің режиссері Сусанна Цирюк.
Премьера барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.