"Шалқыма" концерт залында рождестволық концерт өтеді

"Шалқыма" концерт залында рождестволық концерт өтеді

Рождестволық концерт Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің жақсы және жылы дәстүріне айналған. Биыл Е. Рахмадиев атындағы симфониялық оркестр классикалық музыка сүйер қауымды "Шалқыма" концерт залында Рождество әлеміне енуге шақырады.

Бұл кеште Леонард Бернстайн, Жорж Бизе, Джоаккино Россини, Эдуард Элгар, Лерой Андерсон, Иоганн Штраус және басқа да танымал композиторлардың шығармалары орындалады.

Халықаралық байқаулардың лауреаты Пак Юн Хван дирижерлік етеді.

Жүргізуші - Людмила Гольская.

Концерттер 19 желтоқсанда 15.00-де және 26 желтоқсанда 17.00-де өтеді.

Билеттерді сату: 41-13-14, 41-22-30.

Залдағы көрермендер саны шектеулі - 50 адамнан аспайды.