Шет ауданында мемлекеттік туы бар 14 метрлік ту тұғыр орнатылды

Шет ауданында мемлекеттік туы бар 14 метрлік ту тұғыр орнатылды

Ақсу-Аюлыда Қазақстанның басты туы бар ту тұғыр пайда болды. Тұңғыш Президент күніне орай мұндай сыйлықты ауыл тұрғындарына Ыбырай Алтынсарин мектебінің 70 түлегі жасады. Осыдан тура 20 жыл бұрын олар осы оқу орнын бітірген және мектептің 50-ші түлектері болып табылады. Түлектер мерейтойлық мерекенің орнына туған ауылына қомақты сыйлық тарту етуді шешкен. Енді жалау Ыбырай Алтынсарин мектебінің алдындағы алаңға сән беріп тұр.

- Туға құрмет - бұл халыққа деген құрмет. Түлектерге «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша осындай сыйлық жасағаны үшін алғыс айтқым келеді, - деді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров.

Тудың ені - 3 метр, ту тұғырының биіктігі - 14 метр. Орнатумен қоса түлектер барлығына 500 мың теңге жұмсаған.

- Алдымен біз қазақ күресі мен бәйге бойынша жарыстар ұйымдастырғымыз келді. Карантин болғандықтан, ондай тәуекелге бармай, одан да жағымды сыйлық жасауды шештік. Біз бұдан әрі де көмектесеміз, өйткені бұл біздің туған мектебіміз, біздің туған ауылымыз, - дейді түлек Думан Баткин.

Шет ауданында «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша 30 жоба жүзеге асырылуда. Төменгі Қайраттыда футбол алаңы төселді, Нұраталды мен Ақшоқыда хоккей корттары пайда болды. Киікті ауылында жарықтандыру жүргізілген. Ақжал ауылында балалар ойын алаңы салынып, 12 шақырым жол қайта жаңартылған.