
Қарағанды облысының өкілі Никита Тумаков Шымкентте өткен батутта секіруден жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Ел біріншілігіне еліміздің тоғыз өңірінен 175 спортшы қатысты.

Никита Тумаков жекелей батутта секіру сайысында қола медаль жеңіп алды.
Қарағандылық спортшы — Қазақстандағы батут гимнастикасының болашағынан үміт күттіретін өкілдерінің бірі. Ол республикалық жарыстармен қатар, халықаралық бәсекелерде де бақ сынап жүр.
Никитаның қоржынында айтулы жетістіктер бар. Ол қарағандылық тағы бір спортшы Данил Мұсабаевпен бірге Бакуде өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді. Ал 2025 жылы қос спортшы Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде синхронды секіруден топ жарды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше