Қарағандылық спортшы кикбокстан әлем чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы кикбокстан әлем чемпионы атанды

Италияның Лидо-ди-Йезоло (Джезоло) қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында кикбокстан WAKO әлем чемпионаты аяқталды. Дүниежүзілік додаға 78 елден 4900-ға жуық спортшы қатысты.

Қарағанды облысының спортшысы Арина Словестникова Қазақстанның жастар құрамасы сапында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде фулл-контакт дисциплинасы бойынша өнер көрсетті. Жарыс қорытындысында ол алтын медаль жеңіп алып, кикбокстан әлем чемпионы атанды.

Жалпы, Қазақстан құрамасы 25 алтын медаль жеңіп алып, рингтік дисциплиналар бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше