Қарағандылық жеңіл атлеттер Қазақстан чемпионатында 54 медаль жеңіп алды

Қарағандылық жеңіл атлеттер Қазақстан чемпионатында 54 медаль жеңіп алды

Шымкентте олимпиадалық резервті даярлау жөніндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен ұйымдарының U16 және U18 жас санаттарындағы командалары арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысының спортшылары 54 медаль жеңіп алды. Құрама қоржынында 14 алтын, 18 күміс және 22 қола медаль бар.

Облыстық олимпиадалық резервтегі Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжінің командасы да жоғары нәтиже көрсетті. 

Мектеп спортшылары U16 және U18 жас санаттарында жалпыкомандалық есепте Қазақстан чемпионы атанды.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше