Приозёрск қаласының "Сағадат" әскери-патриоттық клубы республикалық әскери-патриоттық жиынында бас жүлдені жеңіп алды

Приозёрск қаласының "Сағадат" әскери-патриоттық клубы республикалық әскери-патриоттық жиынында бас жүлдені жеңіп алды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда "Айбын-2020" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Ол екі ай бойы онлайн форматта өтті. Қазақстанның әскери-патриоттық жастар клубтарынан барлығы 9 түрлі сайыста 39 команда жарысты. Қарағанды облысынан Приозёрск қаласының "Сағадат" клубы үздік атанды.
Жиын әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, зияткерлік және шығармашылық жарыстардан тұрды.
Үздік деп танылған командалар "Брейн-ринг" финалдық ойынында бақ сынасты. Брейн-рингте тікелей эфирде Шығыс Қазақстан облысының "Жас қыран" әскери-патриоттық клубтарының, Приозёрск қаласының ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ "Сағадат" Басқармасының, Нұр-сұлтан қаласының "Жас Ұлан" республикалық мектебінің командалары кездесті.
Бірінші турда командалар Қазақстанның әскери тарихы бойынша бес бейне сауалға жауап берді. Екіншісінде, қатысушылар математикалық есептерді шешіп, сандар қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен алмастырылды. Үшіншісінде - командалардың намысын капитандар қорғады. Олар мобильді қосымшаны қолдана отырып, әртүрлі тақырыптар бойынша жедел тестке жауап берді.
Брейн-рингтің үш турының қорытындысы бойынша жиынның абсолютті жеңімпазы - Гран-при иегері анықталды. Ол атаққа Қарағанды облысының Приозёрск қаласынан ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы Басқармасының "Сағадат" әскери-патриоттық клубының командасы ие болды.
Нұр-Сұлтанда жиынның жабылу салтанатына "Сағадат" командасының капитаны Ізбасар Ғабит қатысты. Бас жүлде мен 1-ші орын үшін марапатты ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың қолынан алды. Команда кубокпен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл қатысушылар саны бойынша "Айбын-2020" барлық рекордтарды жаңартты. Егер бұрын "Айбынға" бес жыл ішінде барлығы 3 мың тәрбиеленуші қатысса, тек осы жылы ғана жарысушылардың жалпы саны 2 мыңнан асты.