22 қыркүйектен бастап Қарағандыда №22 жаңа автобус бағыты қатынай бастайды. Автобустар 14-шағынауданнан шығып, Күзембаев көшесімен, одан әрі Магнитогорская және Карл Маркс көшелері арқылы Global City сауда-ойын-сауық орталығына дейін қатынайды.
Бағытқа төрт автобус тарту жоспарланған. Қозғалыс аралығы 18–20 минутты құрайды.

Бұл бағытты 14-шағынаудан тұрғындары сұраған. Әзірге маршрут сынақ режимінде жұмыс істейді. Мамандар жолаушылар ағыны мен бағытқа деген сұранысты зерделейді. Мониторинг нәтижесіне қарай қозғалыс сызбасы мен автобус кестесіне тиісті түзетулер енгізілуі мүмкін.