Қарағанды облысында биыл 18 жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, тағы 14-і жаңартылады

Қарағанды облысында биыл 18 жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, тағы 14-і жаңартылады

2026 жылы Қарағанды облысында 18 жаңа өрт сөндіру бекетін құрып, қолданыстағы 14 бекетке жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта төрт нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Ауылқұтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымдарын дамыту және ауылдық елді мекендердің өрт қауіпсіздігін күшейту мәселелері Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың жұмыс кездесуі барысында талқыланды.

Жаңа нысандар пайдалануға берілгеннен кейін тағы 32 елді мекенде тұратын 14 мыңнан астам адам қосымша өрт қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.