Қарағандылық шахматшы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында бақ сынайды

Қарағандылық шахматшы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында бақ сынайды

Қарағандылық 17 жастағы шахматшы Даниял Сапенов спорттық мансабында алғаш рет Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысады. Әлемдегі басты командалық шахмат додаларының бірі 16—27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді. Жас спортшы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Даниял — FIDE халықаралық шебері (IM) және Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол жеті жасынан бастап шахматпен айналысады. Қазақстан чемпионатындағы жеңісінен кейін белгілі гроссмейстерлердің жетекшілігімен жаттығуға мүмкіндік алды. Бүгінде Сапенов елдегі болашағынан зор үміт күттіретін жас шахматшылардың бірі саналады.

2026 жыл қарағандылық спортшы үшін айрықша табысты болды. Сәуір айында Сербияда өткен рапидтен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болса, маусымда халықаралық Aktobe Open турнирінде екінші орын алып, халықаралық гроссмейстер нормасын орындады. Жуырда Abu Dhabi International Chess Festival аясындағы Masters турнирінде де Даниял жақсы нәтиже көрсетіп, рейтингін көтерді.

Енді 17 жастағы шахматшы үшін Олимпиададағы дебюттік дода басталады. Ол Қазақстан құрамасы сапында әлемнің үздік шахмат командалары арасындағы бәсекеде жоғары орындар үшін бақ сынайды.