
Қарағанды облысында қалдықтарды басқару саласындағы тәртіпті ретке келтіру және экологиялық бақылауды күшейту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде рұқсат етілмеген қоқыс орындарының саны азайып, анықталған 500 нысанның 479-ы жойылды. Қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда.
Экологиялық заңнама талаптарының сақталуын Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті бақылауда ұстайды. Бұл ретте басты міндет — заң бұзушылықты анықтаумен ғана шектелмей, оның жойылуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келетін кері әсерді барынша азайту.
Жыл басынан бері департамент мамандары 100 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізді. Бақылау шараларының қорытындысы бойынша экологиялық заңнама талаптарының 331 рет бұзылғаны анықталды. Заң бұзушыларға тиісті нұсқамалар беріліп, олардың басым бөлігі орындалды.
Заң бұзушылықтар әкімшілік шара қолдануды талап еткен жағдайларда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Бірқатар материал сотқа жолданды. Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде айыппұлдар салынды.
Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және экологиялық талаптардың сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасады.
Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің мәліметінше