Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды кезекті рет жеке қабылдап, көпбалалы отбасыларды қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұрғындармен бірге талқылады.

Қабылдауға Қарағанды қаласы мен облыс аудандарының тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған мәселелерді өңір басшысының назарына тікелей жеткізді.

Қабылдау барысында шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірнеше мәселе қаралды. Қарағандылық тұрғындардың бірі балмұздақ пен салқындатылған сусындарды сатуға арналған сауда орнын алуға қолдау көрсетуді сұрады.

Сонымен қатар тұрғындар денсаулық сақтау саласы, тұрғын үймен қамтамасыз ету және баспананы бөлу тетіктеріне қатысты сауалдарын көтерді. Әрбір өтініш бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көтерілген мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында тиісті қолдау көрсету үшін жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Азаматтарды жеке қабылдау – халық пен билік арасындағы ашық әрі тиімді кері байланыстың маңызды тетіктерінің бірі. Мұндай кездесулер тұрғындардың өтініш-тілектеріне жедел ден қоюға, өзекті мәселелерді дер кезінде қарастырып, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.