
Биыл Қарағанды облысының атынан «Бір ауыл – бір өнім» республикалық көрмесіне қатысатын финалистер белгілі болды. Финалға өткен он қатысушыны Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары қатысқан бренд-комитет іріктеп алды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, финалға табиғи азық-түлік өнімдерін, киізден жасалған бұйымдарды, авторлық кәдесыйларды, әшекейлерді, қолдан жасалған табиғи косметиканы және Қарағанды облысының ерекшелігін айшықтайтын өзге де тауарларды өндірушілер өтті. Жобалар өнімнің сапасы, даму әлеуеті және нарықта ілгерілету мүмкіндігі бойынша бағаланды.
– Бүгін біз 16 жобаны қарап, үздіктерін таңдадық. Олардың арасында Қазақстанда ғана емес, шетел нарығында да табысты ілгерілетуге әлеуеті жоғары өнімдер көп, – деді «Бір ауыл – бір өнім» жобасының кеңесшісі Акихиса Харагучи.
Отырыстан кейін сарапшылар финалистердің өндіріс орындарын аралап, өнім дайындау технологиясымен танысты және кәсіпкерлердің бизнесті кеңейтуге дайындық деңгейін бағалады.
Келесі кезең – республикалық көрмеге дайындық. Финалистерге өнім мен қаптаманы жетілдіруге, оны ілгерілету құралдарын әзірлеуге және жаңа деңгейге шығу алдында өңірлік брендтердің әлеуетін күшейтуге қолдау көрсетіледі.

Финалистер тізімі: