
Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қарағанды облысының өкілі – теміртаулық синхронды жүзуші Виктор Друзин ерекше көзге түсті. Ол алтын медаль жеңіп алып, көркем жүзуден Азияның екі дүркін чемпионы атанды.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Виктор Друзин техникалық соло бағдарламасында бірінші орын иеленді. Спортшының көрсеткіші – 231,8550 ұпай.
Осылайша ол өзінің көшбасшылық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еске сала кетейік, Виктор Друзин өткен жылы да Азия чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.
Спортшының жаттықтырушысы – Елена Котова.