Қарағандылық жас дзюдошылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Қарағандылық жас дзюдошылар Азия чемпионатында жүлделі болды

Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Маусымның ең басты құрлықтық жарыстарының бірінде Жапония, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қазақстан, Моңғолия, Қытай және басқа да елдердің жас спортшылары бақ сынады. Қарағанды облысының намысын Ағадыр кентінің спорт мектебі, «Жан Сұңқар» спорт мектебі, Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледжі және облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушілері қорғады. Нәтижесінде олар төрт медаль жеңіп алды.

Санжар Ерұланұлы 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, Азия чемпионы атанды. Спортшыны бапкері – Хасен Сакеев жаттықтырады.

Күміс жүлдені Руслана Махатова (+78 келі, бапкері – Қайрат Жұмабек) 

мен Айша Алтай (70 келі, бапкері – Дастан Манабаев) иеленді. 

Ал Айзат Наукенова (48 келі, бапкері – Елдос Әбішев) қола медальға қол жеткізді.

Айта кету керек, бұл біріншілікке қатысу жас спортшыларға өз шеберліктерін сынап қана қоймай, рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік берді. Жинақтаған тәжірибесін ескере отырып, чемпиондар мен жүлдегерлер енді маусымның келесі ірі додаларына, оның ішінде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына дайындалады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша