Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен бүгін, 20 қараша күні " Сәлем, Елорда!" фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді. Фестиваль "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылады және барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларды біріктіреді. Мерекелік іс-шараға Қарағанды облысынан С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ театрының әртістері, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды қазақ драма театры және К.С Станиславский атындағы орыс драма театры, сонымен қатар Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің музыканттары қатысады.
Мәдениет пен өнер фестивалі маңызды ақпараттық оқиға болмақ. Ол Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Ұлы Абайдың 175 жылдығына, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай өтеді.
Көрермендер барлық концерттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің YouTube-арнасынан, содан кейін Qazaqstan Ұлттық арнасының өңірлік филиалдарынан тамашалай алады.
Биыл пандемияға байланысты фестиваль онлайн режимінде өтеді.