Теміртаулық спортшы оқ атудан республикалық чемпионатта үш медаль жеңіп алды

Теміртаулық спортшы оқ атудан республикалық чемпионатта үш медаль жеңіп алды

Теміртау спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ольга Аксенова оқ атудан Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Спортшы үш медальға ие болды: алтын, күміс және қола. Ольга пневматикалық тапаншадан ату жаттығуында ел чемпионы атанды.

Республикалық біріншілік Шымкентте өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 120 мықты спортшы қатысты.

Қарағанды облысының оқ ату бойынша аға жаттықтырушысы Валерий Ковалевтің айтуынша, Ольга Аксенова - болашағы зор спортшы. Ол 22 жаста, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылы Әлем Кубогы кезеңінде сегізінші орын алды.

Облыстық команда 2021 жылдың наурыз айында жоспарланған Жастар ойындарына қатысуға дайындалуда.