«Жас патриоттар мектебі» әлеуметтік тапсырысы аясында Приозерск қаласының Жастар ресурстық орталығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай – дара қазақта, Абай – дана қазақта» атты онлайн - мәнерлеп оқу байқауын жариялайды. Оған Қарағанды облысынан 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Онлайн-байқау 26 қарашаға дейін жалғасады.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талап:
- Абай Құнанбаевтың бір шығармасын жатқа оқып, бейне түсіріп, оны Instagram-дағы парақшаңызға қойып, @prio_jastary-ді атап өту керек;
- бейне ұзақтығы екі минуттан аспауы тиіс. Оның астында Абай шығармасының атауын және аты-жөніңізді көрсету керек;
- сонымен қатар : prio_jastary және prio_jasotan парақшаларына жазылу керек;
- соңғы бейнені 8-778-516-89-90 немесе 8-747-660-98-36 нөмірлері бойыша WhatsApp-қа жіберу керек.
Жеңімпаздар орталықтың ресми сайтында жарияланған роликтердегі лүпілдер мен көрулер санына байланысты, сондай-ақ қазылар алқасының көмегімен анықталатын болады.
I, II, III орын алған қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталады.
Бас жүлде - 70 000 теңге; I орын - 50 000; II - 30 000; III - 20 000 теңге.
Байқау 26 қараша күні сағат 18.00-де аяқталады.
Толық ақпаратты келесі нөмірлер бойынша алуға болады: 8-778-516-89-90, (8-71039)-5-52-16, (8-71039)-5-37-21.