
Қарағанды облысында қайта жаңғыртудан кейін Нұра,

Дейін

Кейін
Қарағанды-Сұрыптау

Дейін

Кейін
және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары,

Дейін

Кейін
сондай-ақ Шет ауданындағы Айса станциясының жолаушылар платформасы пайдалануға берілді.

Дейін

Кейін
Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өңірде жаңғырту бағдарламасы аясында жаңартып жатқан 14 вокзал мен жолаушылар платформасының алғашқы нысандары.

Жобалау және қайта жаңғырту барысында кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше басымдық берілді.

— Мұнда мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын азаматтарға арналған барлық талап толық сақталды. Заманауи ана мен бала бөлмелері жабдықталып, медициналық пункттер ашылды. Жолаушылардың жайлы әрі сапалы қызмет алуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайды қарастыруға тырыстық, — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы – Қарағанды бөлімшесі филиалы директорының орынбасары Нұрлан Нұрмағамбетов.
Жаңғыртудан өткен негізгі нысандардың бірі – Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы.

— Бұл вокзал 1965 жылы салынған және ұзақ уақыт бойы ауқымды жаңартуды қажет етіп келді. Мұнда 21 жолаушылар пойызы қатынайды. Біздің аудан үшін бұл – көптен күткен әрі аса маңызды жоба. Ол Мемлекет басшысының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келеді, — деді Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Күлекеев.

Өңірде вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаздың соңына дейін Балқаш-2, Мойынты, Ақадыр, Дәрия, Жарық, Мырза және Сарыбел станцияларындағы вокзалдарды, сондай-ақ Теміртау мен Сарышаған станцияларындағы жолаушылар платформаларын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Қайта жаңғырту аясында вокзал ғимараттары мен жолаушылар платформалары жөнделіп, инженерлік жүйелер жаңартылады, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі және жүріп-тұруы қиын жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастырылады.