
Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығы тұрғындар мен қала қонақтарын құқықтық пикникке қатысуға шақырады.
Күні: 26 маусым.
Уақыты: 16:00–18:00.
Өтетін орны: Орталық саябақ.
Бағдарлама аясында:
* психолог пен заңгердің кәсіби кеңестері;
* түрлі өмірлік жағдайлар мен отбасылық мәселелер бойынша талқылаулар;
* балаларға арналған танымдық әрі қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Іс-шара барысында қатысушылар білікті мамандардан кеңес алып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға, сондай-ақ отбасы және отбасылық қатынастарға қатысты өзекті мәселелер жөнінде пайдалы мәліметтер алуға мүмкіндік алады.
Құқықтық пикник «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде өтеді.