Қуаныш сыйлайтын тәттілер: Sweet heart әлеуметтік жобасы қарағандылықтарды тегін тоқаштармен таң қалдыруда

Қуаныш сыйлайтын тәттілер: Sweet heart әлеуметтік жобасы қарағандылықтарды тегін тоқаштармен таң қалдыруда

Sweet heart («Тәтті жүрек») кондитерлік студиясының негізін қалаушы Zhas Project жобасына көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және жалғыз басты зейнеткерлерге көмектесу мүмкіндігі үшін алғыс білдіреді.

Анаргүл Жантасова өмір бойы аз қамтылған адамдарға назар аударуға тырысып келед. Жоба туралы білгенде, бұл оған ашылып отырған мүмкіндік екенін бірден түсінген.

- Мен үшін қайырымдылық - өмір салты. Мен тұрмыс құрып, балалы болған соң, көмектесуге мүмкіндігім азайды. Алайда Zhas Project - мен үшін тағдыршешті жоба. Жас кәсіпкерлерге өздерін қандай да бір істе сынап көруге және сол уақытта мұқтаж адамдарға көмектесуге мүмкіндік беріледі,-дейді Анаргүл Жантасова.

Жас әйелдің жоғары қаржылық білімі бар. Бірақ ол табысты кондитерлік студия құрды. Сонымен қатар, қажырлы еңбек пен аспаздық шеберліктің негіздерін түсінуге деген ұмтылыс оған кондитер болуға ғана емес, басқаларға да үйретуге мүмкіндік берді. Анаргүлдің командасында тағы төрт адам бар. Оның жұбайы және Zhas Project тәлімгері Анжела Алванова оған үлкен қолдау көрсетті.

- Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін көп еңбектену керек. Бүкіл команда сағат сияқты жұмыс істейді. Миллион теңге грантқа кәсіби миксер, тоңазытқыш, үрмелі пеш және барлық қажетті асүй мүкәммалын сатып алуға мүмкіндік туды. Барлығы сатып алғаннан кейін, біз шеберлік сабақтарын өткізе бастадық, - дейді Анаргуль.

Sweet heart кондитерлік студиясында курстар көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға және ерекше бала тәрбиелеп отырған әйелдерге арналған. Октябрь ауданының әкімдігі көмекке мұқтаж азаматтардың тізімімен көмектесті. 18-55 жас аралығындағы 44 әйел студияға барып, курстан өткені туралы сертификат алды.

Сертификат тәттілерді өзіңіз пісіруге және одан ақша табуға мүмкіндік береді. Желтоқсан айында Sweet heart басшысы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін шеберлік сабақтарын жоспарлап отыр, себебі қыздарды өз бетінше өмір сүруге дайындау өте маңызды.

Бірақ кондитерлік студия тек курстардан ғана құралмайды. Sweet heart қатысушылары қайырымдылықпен белсенді айналысады. Олар десерттері мен кондитерлік өнімдерін шын жүректен, тегін таратады. Бүгін кондитерлер «Добро» пансионатында елу қарт пен мүгедекке тәтті үстел әзірледі. Чак-чак, торттар, пирогтар, десерттер, қытырлақ тәті нан, бауырсақ, кептірілген өрік пен күнжіт қосылған тоқаштар - мұнда кез-келген талғамға сай пісірілген тағамдар болды.

- Мен бәріне ұнағым келді. Әркімнің талғамдары әр түрлі. Біз бәрін қуанттық деп үміттенемін. Жоспарды ойластырып жатқанда, егде адамдардың не ұнататынын ескердік. Барлығының соншалықты қанағаттанғанын көру біз үшін керемет, - дейді Sweet heart студиясының жетекшісі.

- Біз барлық келушілерге қуаныштымыз. Қазір, әрине, қиын эпидемиологиялық жағдайға байланысты қонақтарымыз азайып қалды. Сондықтан, бүгінгі күні бүкіл кондитерлер тобынан тек бір адам қатысады. Sweet heart студиясының қыздарына біздің қонақтарымызға жеткізген қуаныштары үшін рахмет, - деп пансионат әкімшісі Дарья Николаева алғыс

айтты.

Желтоқсан айында әлеуметтік жоба аяқталып, студия өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуі керек. Анаргүлдің айтуынша, ақылы пісіру курстарын өткзуге сұраныс бар.

- Өндірістік цех ашқымыз келеді. Бұл бізге бір күні өз кондитерлік дүкеніміздің есігін ашуға мүмкіндік береді. Кейтеринг қызметін көрсетуді, мерекелер өткізу үшін мейрамханалармен және түрлі дәмханалармен ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз. Үйлену тойлары үшін торттар пісіреміз, балалар мерекелеріне арналған тәттілер әзірлейміз. Жоспарларымыз шын мәнінде өте көп. Сонымен қатар, біз тәттілерді тегін тарату дәстүрін сақтаймыз. Мен кейбір отбасыларды назарға алдым. Кондитерлік өнімдердің бір ерекше қасиеті бар – қуаныш пен мереке сезімін сыйлайды. Мен бұл ерекшелікті барлық уақытта және барлық халықтар үшін ең құнды және пайдалы деп санаймын! - деп бөлісті Анаргүл.